20.09.2007, 14:29 3039

Павлодарда өрт сөндірушілер Алюминстрой ықшамауданындағы жаппай шыққан өртті тексеруде

Павлодарда өрт сөндірушілер Алюминстрой ықшамауданындағы жаппай шыққан өртті тексеруде.

Павлодар. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында өрт сөндірушілер 9-нан 10-на қараған қыркүйекте түнде Алюминстрой ықшамауданындағы бірнеше үйді белгісіз біреулердің өртеп жіберу оқиғаларын тексеруде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні белгісіз біреулер тоғыз қабатты жеті үйге от қойған. Тұрғындардың айтуынша, 9 үйден өрт шыққан - екеуін тұрғындардың өздері өшірген.

Бүгінде тұрғындар өрт сөндірушілердің аталмыш оқиғаны біреулердің бұзақылығы ретінде қарастырып отырғандығын түсінбейтіндіктерін айтуда. Өрт сөндірушілердің мәліметтеріне сүйенсек, бұл Павлодар облысындағы жаппай өрт жіберуге қатысты бірінші жағдай.

"Екі ірі өрт болды, біз оны дер кезінде ауыздықтап үлгердік, өйтпегенде кеш болар еді. Аулада қоқыстардың үйінділері, шүберектер жанып жатты, баспалдақ алаңында да ұсақ өрттер болды, мұның қасақана жасалған өрт екендігіне күмән жоқ. Бір үйдің тұрғындары электр фонарімен терезелерге жарық түсіріп жүргендігін көрген, бұл балалық бұзақылық болар",- деп мәлім етті агенттік тілшісне Павлодар облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің өрт ахуалын талдау бөлімінің бастығы Асқар Шаймағамбетов.

Үйлердің тұрғындары өрттің кәсібилікпен қойылғандығын айтып бағуда. "Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, аз ғана уақыт ішінде 9 үйді бірден өртеу екі-үш адамның қолынан келетін іс емес, оған адамдар керек; бұл адамдардың бәрі осы уақытта ұйықтап жататынын есептеу, бұл біз өзіміз тұратын ауданда салынып жатқан көптеген құрылыстардың заңсыз екендігі туралы жиі айтатындығымыз үшін ескерту екендігіне сенімдімін, бірақ билік өкілдері бұған құлақ асқысы келмейді",- деді ықшамаудан аумағында орналасқан үйдің тұрғыны Нұржамал Кулиничева.

Тұрғыдардың пайымдауынша, өрт жіберушілер - жерді басып алушылар, ал үй тұрғындарын өз пәтерлерін тастап кету үшін қорқытып бағуда. Қазіргі уақытта екі қабатты үйдегі екі бөлмелі пәтердің нарықтағы бағасы 18 мың АҚШ долларын құрайды. "Біреулерге жер керек, ал біздің үйлерді бұзбайтын болғандықтан адам шығынын әкелетін өрттер шығару керек, өздеріңіз ойлап қараңыздаршы: үйлер өртеніп, адамдар қайтыс болса, жер босайды",- дейді ықшамаудан тұрғыны Павлова Вероника Шторм.

Өрт қою дерегі бойынша әзірге құқық қорғау органдары айналыстуда, ал билік өкілдері үн-түнсіз жатыр, үй тұрғындары өрт шығарушылардан қорғану үшін қорғаныс отрядын құруды ойластыруда.

Ел үкіметінің бекіткен 2030 жылға дейін Павлодарды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы бірнеше жылда облыс орталығы екі есеге өспек. Қазір билік өкілдері Алюминстрой ықшамауданындағы проблеманы шешетін инвесторлар іздейтіндігі туралы мәлімдеген. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Алматыдағы коммерциялық құрылыс салушылар ауылдық жерлерде биік үйлер салуға топырақ қабаты мүмкіндік бермеуге байланысты келешегі жоқ аудандармен жұмыс істеуден бас тартқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны