27.10.2006, 16:05 3396

Павлодарда өзін мүгедек етіп көрсетіп қайыр сұраумен шұғылданған өзбекстандық алаяқ ұсталды

ПАВЛОДАР. 27-қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда өзін мүгедек етіп көрсетіп қайыр сұраумен шұғылданған өзбекстандық алаяқ ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД көші-қон полициясының бастығы Сырым Раушанов хабарлады.

С.Раушановтың айтуынша, алаяқ төлқұжат мәліметтерін жоспарлы тексеру барысында қолға түскен. Полиция қызметкерлерінің бірі бағытта автобуспен келе жатқан жолаушылардың бірі көлік ағылып жатқан бір қиылыста қайыр сұрап тұратын мүгедек екенін таныған. Ол 21 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.

"Жігіт жеке басын куәландыратын ешбір құжат көрсете алмаған. Ал полиция қызметкерлері тексерген кезде оның дені сау екені мәлім болды",- дейді ақпарат көзі. Тұтқын йога тәсілдерін жеттік меңгеру нәтижесінде өзін қол-аяғы тумысынан ақаулы мүгедек сияқты етіп көрсете алған. "Жігіт тізесі мен иықтарын кері айналдырып бұру арқылы қисайтып көрсете білген", дейді полициядағылар. Олардың айтуынша, алаяқтың бойының нақты ұзындығы 1,8 метр, бірақ, ол йога тәсілін пайдалану арқылы оны 1,5 метрге дейін қысқартып көрсете алады.

Белгілі болғанындай, тұтқын Қазақстан аумағын ұдайы аралап, Павлодармен бірге Алматы, Астана, Қарағанды және басқа да қалаларда қайыр сұраумен шұғылданған. "Осындай сапарлары кезінде ол пәтер жалдап тұрған. Мұның өзі жігіттің табысы жаман болмағанын көрсетеді",- дейді С.Раушанов.

Прокурордың рұқсатымен алаяқ уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Көші-қон полициясының ақпаратына сәйкес, кейінгі бірнеше күнде Павлодар облысында Өзбекстанның 25 азаматы, соның ішінде 6 бала көшеде қайыр сұрап жүрген жерінен ұсталды. "Ораза кезінде біз оларға тиіспеуге тырыстық. Ал қазір көші-қон полициясы олардың елімізде болу мерзімін қысқартты. Оларды өз елдеріне қайтару жұмыстары басталды",- дейді С.Раушанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны