09.11.2007, 15:46 3007

Павлодарда "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлау мүмкіндігінің залал-зардаптарын жою жөніндегі жаттығу өтті

Павлодарда "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлау мүмкіндігінің залал-зардаптарын жою жөніндегі жаттығу өтті

Павлодар. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлау мүмкіндігінің залал-зардаптарын жою жөніндегі жаттығу өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Аймақта кеше күннің суытатындығы туралы ескерту жариялануына байланысты Павлодардың Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлау мүмкіндігінің залал-зардаптарын жою жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың жартысын ғана жүргізуге шешім қабылданған.

Жаттығудың осы бөлімінде тек Павлодардың судан құтқарушылары ғана жаттығу өткізген. Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, жаттығудың жоспары зымыран тасығышының бірнеше үлкен сынықтарын іздеп, оны су түбінен алып шығуды, су тоғандарынан су және топырақ сынамаларын алуды қарастырған.

"Өкінішке орай, ауа температурасының күрт суытуы, секундына 10 - 15 метр жылдамдықпен соққан жел және жаңбыр аралас жауға қар - біздің жаттығуды облыс аудандарының біріндегі су тоғандарында емес, Павлодардың шетіндегі Ертіс жағалауында өткізуге мәжбүр етті",- деп хабарлады агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодар облысының судан құтқару қызметі бастығының орынбасары Виталий Турусов.

"Протонның" сынықтарын судан құтқару қызметінің арнайы қайығына орнатылған эхолоттың көмегімен іздеген. Жаттығу басталғаннан кейін 15 минуттан өтісімен ең үлкен сынық табылған.

Маманның айтуынша, мұндай өзіндік ерекше жұмысқа тек ең тәжірибелі сүңгушілер ғана жұмылдырылған. Мамандардың суға бірінші сүңгуінен кейін-ақ "Протонның" жанармай құятын жүйесінің ең үлкен бөлігіне арнайы торс ілінген. 10 минут өткеннен кейін сынық топырақ және сынамаларымен бірге су бетіне көтерілген, ал басқа мамандар шұғыл түрде гептил құрамына тексеру жүргізген.

Алынған сынамалар зиянды уыттың нормадан аспағандығын көрсетті, ал сынық үлкен диаметрдің су өткізетін құбырының бөлігі ғана болып шықты.

Судан құтқарушылар ғарыш аппараттарының сынықтарының, әсіресе үстіміздегі жылдың 6-қыркүйегіндегі Қарағанды облысындағы оқиғадан кейін Павлодар облысының аумағына құлауын жоққа шығаруға болмайтындығын ескере отырып, жүргізілген жаттығуға оң баға берді.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2 ай бұрын Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлаған болатын. Ұшырылымның 135-ші секундында зымыранның екінші сатысының қозғалтқышы өшіп қалған болатын.

Апаттың себеп - салдарын тексеруге қатысты арнайы құрылған үкіметтік комиссияның "Протон" құлаған аймақты тексергеннен кейін гептилмен уланы жөніндегі ірі ошақты анықтады.

Келесі айларда зымыран тасығышының үлкен және орташа сынықтарын іздеу жұмыстары жалғасқан болатын. Бүгінде мамандар Қарағанды облысына келген шығынды 7 - 9 млрд теңге көлемінде бағалап отыр. Еліміздің үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға тек 24-қазанда ғана рұқсат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны