15.09.2009, 11:45 1510

Павлодарда Ресей азаматына героин тасымалдағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Павлодарда Ресей азаматына героин тасымалдағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Павлодар. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодарда 49 жастағы Ресей Федерациясының азаматына героин тасымалдағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл іс бойынша сот үкімі бүгін облыстық сотта жарияланды. Соттың шешімімен Новосибирск қаласының 49 жастағы тұрғыны 4 килограмм героинді тасымалдаған айыпты деп танылды. Судья Бердіғұл Тиштыбаев сот шешімін жария еткен кезде сотталған адам өзі отырған кабинканың қабырғаларын соққылай долданып, еденге құлап түскен. "Мені арандатып кетті",- деп ойбайлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны