21.05.2008, 15:57 3117

Павлодарда салынатын кардиохирургиялық орталық өңірлік мәртебе алады

Павлодарда салынатын кардиохирургиялық орталық өңірлік мәртебе алады

Павлодар. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда биылғы жылы құрылысы басталатын кардиохирургиялық орталық өңірлік мәртебе алады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше кардиохирургиялық орталық Павлодар облысының тұрғындарымен бірге көршілес жатқан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына қызмет көрсетеді. Үкіметтің қаулысына сәйкес оның құрылысы биылғы жылы басталып, 2009 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Жаңа емдеу орталығына бөлінген жер телімі Усолка өзенінің жағалауыындағы жаңа ықшам ауданның жанында орналасқан.

"Орталықтық құрылысын салып, оны жабдықтау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді, қазіргі кезде құрылыс фирмалары арасында өтетін конкурстық құжаттар дайындалды", - деді департаменттегілер. Кардиохирургиялық орталықта жасалатын ем-дом кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясына қамтылады.

Орталық ашылғанға дейін Павлодарда қыркүйекте №2 қалалық аурухана негізінде 20 орынға арналған кардиохирургиялық диспансер ашылады. Бұл мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінеді.

"Біз ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық қаржыландыру құжатын дайындадық. Бөлімдерді операция жасайтын және тағы да басқа арнайы бөлмелер мен палаталарды салу үшін оны қайта жоспарлау керек. Жергілікті бюджет есебінен тек ғимараттың жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ал диспансердің жабдықталуы республикалық бюджет есебінен жүргізіледі ", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау департаментінде. Кардиоорталықтың болашақ қызметкерлері Ресей мен Израильдің ең үздік клиникаларында дайындықтан өтті.

2007 жылы республикалық бюджет есебінен кардиологиялық рентгендік ангиографиялық зерттеу аппараты 215 млн теңгеге сатып алынды (200 млн 350 мың теңге ангиографтың құны және 14 млн 650 мың стерилизатор бағасы). Биылғы жылы кардиохирургиялық бөлімге құны 36 млн теңгені құрайтын АҚШ-та шығарылған стенттер мен 225 млн теңгеге бағаланатын құралдар жеткізіледі.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінде атап өтілгеніндей, соңғы үш жылда Павлодар облысы бойынша қан айналымы жүйесіндегі ақаулары бар науқастар саны 1,1 есеге немесе 11,4 пайызға көтерілген. Аумақ жүрек қан тамырлары ауруларының өлім -жітім көрсеткіштері бойынша 1 орында және барлық өлімдер санының 49,9 % құрайды немесе 100 мың тұрғынның ( жылына 4200 оқиға ) 600,5 көз жұмады. Жүрек дертіне шалдыққан адамдардың 16 092 тіркеуде тұрса, туа біткен қан айналысы жүйесіндегі ақаулықтарға шалдыққан 1342 ауру бар . Барлық науқастарға ангиографиялық зерттеулер жүрігізіп, 920 адамға хирургиялық операция жасау керек.

Қазақстан бойынша жалпы жүрек дерттеріне шалдыққан 305 697 адам тіркелген, 16000 науқасты жыл сайын шұғыл емдеу керек. 2006 жылы республика бойынша 838 кардиохирургиялық операция жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны