10.10.2006, 13:24 3175

Павлодарда Сәтпаев атындағы каналдың жұмысшылары жалақы берешегін өтеуді талап етіп митинг өткізуде

ПАВЛОДАР. 10-қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда Сәтпаев атындағы каналдың жұмысшылары жалақы берешегін жедел өтеуді талап етіп митинг өткізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Митинг "Сәтпаев атындағы канал" РМК басқармасының ғимаратының жанында өтуде. Шараға қатысушылардың түсініктемесіне сәйкес, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы бұған дейін көшеде митинг өткізуге рұқсат беруді сұрап өтініш жолдаған. Алайда Екібастұз қалалық әкімшілігі жұмысшыларға рұқсат бермеді.

"Митингіге қатысушылар Екібастұзға су беретін гидроторапты жауып тастамақшы",- дейді кәсіподақ ұйымындағылар. Митингіде жұмысшылар жалақы толық өтелмейінше жұмысқа шықпауға шешім қабылдамақшы.

Сәтпаев атындағы каналдың еңбек ұжымында 2 мыңдай адам бар. Жұмысшыларға жалақы берешегі 60 млн. теңгеден асады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, берешек "Екібастұзсу" кәсіпорнының кінәсінен болып түзілген. Кәсіпорын соңғы бірнеше жыл бойы тұтынған су үшін төлемді дер кезінде төлемей келеді. Оның каналға берешегі 642 млн. теңгеден асады. Соның салдарынан "Сәтпаев атындағы канал" РМК банкорттыққа ұшырауға шақ қалып, 1 және 2-ші ГРЭС-пен (берешек - 120 млн. теңге) және жұмысшылармен есеп айырыса алмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны