30.07.2013, 12:34 3003

Павлодарда шешесімен ерегіскен келіншек ұлын емханаға тастап кеткен

Павлодарда екі жастағы ұлын анасы емханада қалдырып кеткен. Осылайша 21 жасар келіншек сөзге келіп қалған анасының зәресін алмақ болған, деп жазады "Экспресс К" газеті. Келіншектің айтуына қарағанда жиеніне жылылық білдірмейтін әже оның жоғалып кеткені үшін қайғыруы тиіс екен.

Павлодар. 30-шілде. Kazakhstan Today - Павлодарда шешесімен ерегіскен келіншек ұлын емханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодарда екі жастағы ұлын анасы емханада қалдырып кеткен. Осылайша 21 жасар келіншек сөзге келіп қалған анасының зәресін алмақ болған, деп жазады "Экспресс К" газеті. Келіншектің айтуына қарағанда жиеніне жылылық білдірмейтін әже оның жоғалып кеткені үшін қайғыруы тиіс екен.

Екі жастағы бала балалар үйіне жіберіледі. Кейіннен баланың денсаулығын тексеру үшін жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, - деді Павлодар облыстық ІІД-нің аға инспекторы Жанар Біләлова.

Кеше балақайды алып кету үшін 43-тегі нағашы әжесі келген. Ол жиенін дүниеге келгеннен бері бағып-қағып отырмын дейді.

"Қазір келіншектің үстінен балаға қамқорлық көрсету бойынша міндетін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған, - деп отыр Жанар Біләлова. - Сондай-ақ оның ана құқығынан айыру мәселесі де қаралып жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны