01.08.2011, 17:00 3685

Павлодарда ТМД елдеріндегі ең ірі Дата-орталық құрылады

Мәліметтерді өңдеу және сақтау серверлерімен жабдықталған Дата-орталық Интернет көздерінің мәліметтерін жинақтап, жүйелеп және көшірмелейтін болады. Сонымен қатар, домендік атауларды тіркейді және жаһандық желінің тұтынушыларына көптеген қызметтерді көрсететін болады, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің ресми сайты.

Павлодар. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Павлодарда ТМД елдеріндегі ең ірі Дата-орталық құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәліметтерді өңдеу және сақтау серверлерімен жабдықталған Дата-орталық Интернет көздерінің мәліметтерін жинақтап, жүйелеп және көшірмелейтін болады. Сонымен қатар, домендік атауларды тіркейді және жаһандық желінің тұтынушыларына көптеген қызметтерді көрсететін болады, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің ресми сайты.

Хабарламада көрсетілгендей, құрылысты ағымдағы жылдың аяғында бастап 2012 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Онан кейін тағы 3-4 ай Дата-орталықты халықаралық тіркеуден өткізуге кетпек. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны