12.02.2016, 16:10 2878

Павлодарда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен қыз бен жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Түрлі жарақат алған жастардыӊ жағдайы өте ауыр. Қыздыӊ жасы 20-да болса, жігіт 26 жаста

Павлодар. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарда Жаяу Мұса көшесінде көпқабатты тұрғын үйдіӊ тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен қыз бен жігіт ажал аузынан аман қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Типичный Павлодар" қауымдастығында қол ұстасқан екі адамныӊ дүкенніӊ шатырына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл оқиға жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Қасымовтыӊ айтуынша, қазіргі таӊда зардап шеккендер № 1 қалалық аурухананыӊ жансақтау бөлімінде жатыр.

- Түрлі жарақат алған жастардыӊ жағдайы өте ауыр. Қыздыӊ жасы 20-да болса, жігіт 26 жаста, - дейді Н. Қаукенов.

Олардыӊ бұл әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.

- Аталмыш жайтқа қатысты ҚР ҚК-ніӊ 105-бабы - "Өзіне-өзі құл жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп нақтылады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны