22.04.2009, 17:19 3145

Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері жыл бойы 63,5 мың теңгеден алады

Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері жыл бойы 63,5 мың теңгеден алады

Павлодар. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері жыл бойы 63,5 мың теңгеден жәрдемақы алады. Бұл туралы Павлодар қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің төрайымы Зәуреш Мұқашева облыстық мүгедектер істері жөніндегі кеңестің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл адамдардың әрбіреуі коммуналдық қызметтің төлеміне ай сайын 2,5 АЕК (бір АЕК 1273 теңге) және қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 1 АЕК-тен алады", - деді З. Мұқашева.

"Сонымен бірге, жыл бойы Ұлы Отан соғысының әрбір ардагері мен әрбір мүгедегіне 7 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі, Жеңіс күніне орай 3 мың теңгенің сый-сияпатын алады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны