11.08.2006, 15:40 3141

Павлодарда үшемді болған бір отбасына қалалық әкімшілік пәтер сыйлады

ПАВЛОДАР. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодарда үшемді болған Казанцевтар отбасына қалалық әкімшілік қала күні қарсаңында екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне "Павлодар қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік басқармасының төрайымы Алла Икімова.

Қазір Казанцевтар отбасы күйеуінің туыстарымен бірге бір пәтерде 8 адам тұрады.

А.Икімованың мәліметіне сәйкес, пәтер кілтін қала әкімі Бәкір Демеуовтың өзі табыс етпекші. Оның айтуынша, пәтер тегін беріледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың мамыр айында Павлодарда соңғы 10 жылда алғаш рет үшем туды. 28 жастағы Елена Казанцева Ольга және Екатерина есімді екі қыз бен Сергей есімді ұлды дүниеге әкелді. Сонымен бірге бұл жұптың 3 жастағы тағы бір ұлы бар.

Перинаталдық орталықтың мәліметіне сәйкес, "үшемнің тууы мен нәрестелердің бәрі бірдей тірі қалып, үшеуі де перзентханадан шыққан оқиға кейінгі 10 жылда алғаш рет тіркеліп отыр".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны