09.10.2012, 18:29 3539

Павлодарда жаңа диірмен кешені іске қосылды

"Еңбек-Павлодар" РМК филиалының директоры Нұрлыбек Сердалин атап өткендей, жаңа өндіріс кешені Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған қаңтар айындағы Жолдауын жүзеге асыру аясында құрылды, деп хабарлады ҚАЖ комитетінің "Еңбек-Павлодар" РМК.

Павлодар. 9-қазан. Kazakhstan Today - Павлодарда жаңа диірмен кешені іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Еңбек-Павлодар" РМК филиалының директоры Нұрлыбек Сердалин атап өткендей, жаңа өндіріс кешені Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған қаңтар айындағы Жолдауын жүзеге асыру аясында құрылды, деп хабарлады ҚАЖ комитетінің "Еңбек-Павлодар" РМК.

Кешенде түрлі мамандық иелері болып табылатын қоныс-колониясының 20-дан астам сотталған азаматы жұмыспен қамтылады. Олардың ішінде диірменшілер, темір ұстасы, жүк тасымалдаушылар мен қосалқы жұмысшылар бар.

Н.Сердалиннің айтуынша, диірмен кешенінің өндірістік қуаты тәулігіне 15 тоннаға дейін ұн шығаруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны