19.11.2012, 15:03 3361

Павлодарда Жас ғалымдар кеңесі ашылады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратында "Қазақстандық жастардың инновациялық дамудағы орны" тақырыбында өткен республикалық дөңгелек үстелде экономика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті Сәуле Рахимова мәлім етті.

Астана. 19-қараша. Kazakhstan Today - Павлодар облысы Жастар саясаты басқармасының жанынан жас ғалымдар кеңесі ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратында "Қазақстандық жастардың инновациялық дамудағы орны" тақырыбында өткен республикалық дөңгелек үстелде экономика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті Сәуле Рахимова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл жоба жаңа инновациялық идеялары бар жас ғалымдарды табуға, студенттер мен магистранттарға өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруға көмектесетін болады.

"Жастар саясаты басқармасының жанынан жас ғалымдар кеңесін құру жұмысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның тапсырмасы бойынша қолға алынып отыр", - деп атап өтті С. Рахимова.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Болашақ" Қауымдастығы ұйымдастырды.

Шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының II съезінде атап өткен басты қағидаларына сәйкес талқылаулар болды.

Іс-шараға жас инноваторлар, инновациялық және ғылыми педагогикалық қоғамдастықтың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

"Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының инновациялық комитеті төрағасының орынбасары Н.Сарсембеков жастардың инновациялық жобаларына партияның көрсететін қолдауы туралы баяндады. Баяндамашы жастар арасында инновациялық жұмысты насихаттауға қатысты атқаратын жұмыстың басты бағыттары туралы айтып берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны