04.04.2008, 16:44 3088

Павлодарда жедел қызметтің қызметкерлері екі адам зардап шеккен кәсіпорын аумағына кіре алмай отыр

Павлодарда жедел қызметтің қызметкерлері екі адам зардап шеккен кәсіпорын аумағына кіре алмай отыр

Павлодар. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда жедел қызметтің қызметкерлері алдын ала мәлімет бойынша газ жарылысынан екі адам зардап шеккен кәсіпорын аумағына кіре алмай отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Агенттік тілшісіне мемлекеттік өрт сөндіру қызметі департаментінен хабарлағандай, бүгін күннің екінші жартысында өрт сөндіру қызметінің шұғыл кезекшісіне "Вторчермет" кәсіпорынынң аумағында газ баллонының жарылуына байланысты оқыс оқиға туындағаны жайында ақпарат келіп түскен. Төтенше оқиғадан екі адам зардап шеккен.

"Алайда, кәсіпорын басшылығы келіп жеткен өрт сөндірушілерді, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін аумаққа кіргізуден бас тартқан. Қазіргі уақытта барлық қызметтер сол жерде шын мәнінде не болғанын білуге тырысуда", - деп атап көрсетті мемлекеттік өрт сөндіру қызметі.

Сондай-ақ, кейбір мәліметтерге сүйенсек, мұндағылар "Вторчермет" аумағынан қала ауруханаларының біріне екі адам жеткізілгенін хабарлады. Ал кәсіпорын өкілдері болса олардың кәсіпорын жұмысшылары емес екенін алға тартып, оқиғаға түсінік беруден бас тартып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны