14.02.2007, 15:18 2841

Павлодарда жылдың басынан бері телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр

ПАВЛОДАР. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда жылдың басынан берігі телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері облыстық жедел қызмет пультіне жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 3 жалған қоңырау келіп түскен. "Арнаулы қызметтің әрбір қызметкерінің жарылғыш зат орнатылды-ау деген жерге баруы 11 мың теңгені құрайды",- деп түсіндірді баспасөз қызметі. Полицейлер "әрбір жалған хабарға 40-тай маманның жөнелтілгендігін" атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодардағы соңғы жалған лаңкестік дерегі 12-ақпанда тіркелген. Белгісіз береу № 15 орта мектебінің ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғандығы туралы хабарлаған. Террорист осы мектептің 9-шы сынып оқушысы болып шықты. "15 жасар жасөспірім химия сабағын болдырмау үшін ұялы телефонынан "112" шұғыл қызмет нөмірін терген",- дейді экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі бөлім бастығы Жанат Сіләмов.

Жасөспірімге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша ("Терроризм актісі туралы жалған хабар беру") қылмыстық іс қозғалды. Енді жасөспірімнің бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Полицейлердің пікірінше, терроризм туралы жалған қоңырау шалу оқиғаларының өсуін тоқтату үшін мұғалімдер мен ата-аналардың да үлкен үлесі қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны