19.09.2007, 15:40 2806

Павлодардағы әскери бөлімшеде әскердің қайтыс болуына кіші командирлер құрамы дайындығының осалдығы себеп болған - "Мужество" әскер аналары бірлестігінің төрайымы

Павлодардағы әскери бөлімшеде әскердің қайтыс болуына кіші командирлер құрамы дайындығының осалдығы себеп болған.

Павлодар. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы әскери бөлімшеде әскердің қайтыс болуына кіші командирлер құрамы дайындығының осалдығы себеп болған, деп санайды "Мужество" әскер аналары бірлестігінің төрайымы.

"Егер бөлімше командирлері рота деңгейіндегі кіші буындағы проблемаға дер кезінде назар аударған жағдайда бұл қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді",- деп мәлім етті "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында "Мужество" әскер аналары бірлестігінің төрайымы Любовь Лыскова.

Ол, аймақ аумағында орналасқан әскери бөлімшелердегі бірінші оқиға емес екендігін еске сала кетті. Любовь Лыскованың пайымдауынша, қазіргі уақытта армияда сержант құрамының кәсіби және психологиялық дайындығы өте төмен екендігі байқалуда. "Адамдық тұрғыда толыса қоймаған шикіөкпелер погон алған кезде көпшілік ортаға әскери ұжымда жұмыс істеуге дайын емес, қандай да бір жағдайға психологиялық тұрғыдан төзіп, төтеп бере алмайтын кейбір адамдар өтіп кетеді",- деп санайды павлодар облысының әскер аналары ұйымының басшысы.

"Бұл жараның бетін тырнамай, үн-түнсіз жатудың не қажеті бар, ол бәрі бір уақыт өте келе бой көрсететіні хақ",- деді Любовь Лыскова.

Оның пайымдауынша, кіші басқару құрамына мамандар таңдау барасында үміткердің біліміне ғана емес, оның тәрбиесі мен адамгершілік мінезіне де ерекше көңіл бөлу керек. "Егер мұны қолға алмаса, онда қандай да бір сержанттың немесе ефрейтордың парасаттан жұрдайлығы соңынан дөрекі күш көрсетуге ұласады",- деп санайды Любовь Лыскова.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Павлодардың № 1 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесінде қызметтестері соққыға жыққан шұғыл қызметтің әскері сөз жұмған болатын.

Тергеу барасында белгілі болғандай, әскерді осы бөлімшенің ефрейторы соққыға жыққан. Искери-тергеу бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ефрейтор Павлодардың уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны