31.08.2006, 11:36 6871

Павлодардағы мектептердің бестен бір бөлігі ғана жаңа оқу жылына дайын - төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау қызметі

ПАВЛОДАР. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодардағы оқу орындарының небәрі 15-20 проценті ғана жаңа оқу жылы басталар тұста өрт қауіпсіздігінің стандарттарына сай келіп отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар қалалық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау қызметінің бөлім бастығы Талғат Ыбыраев хабарлады.

Т.Ыбыраевтың айтуынша, биыл қазіргі заманғы өртке қарсы дабыл жүйесін сатып алуға 3 млн. теңге бөлінді. "Бұл қаржы облыс орталығындағы небәрі 4 мектеп пен екі балабақшаны жабдықтауға ғана жетті",- дейді ол. Маманның айтуынша, жалпы алғанда өртке қарсы дабыл жүйесін орнатуға 10 есе артық қаржы қажет.

"Егер өрт жөнінде дабыл қағып хабар беретін аспаптар осындай қарқынмен сатып алынатын болса, онда барлық мектептер мен балабақшаларды онымен толық жабдықтау үшін жергілікті билікке ширек ғасыр уақыт керек",- дейді Т.Ыбыраев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны