06.12.2006, 16:21 2901

Павлодардың 3-ші жылу электр орталығында қазандық апатты жағдайда тоқтап, қалаға жылу беру төмендеп отыр

ПАВЛОДАР. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодардың 3-ші Жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі істен шығып, қалаға жылу беретін қондырғының қысымы төмендеді,-деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің облыстағы төтенше жағдайлар мен өндірістік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы Kazakhstan Today тілшісіне. Апат өткен сейсенбіде 14 сағат 27 минутта болған.

3-ші Жылу электр орталығының №6 қазандығы тесілген. " Сол күні ауа райы жылы болуының арқасында халық жылу жүйелеріндегі температураның төмендегенін аса байқай қоймады, дейді төтенше жағдайлар министрлігі басқармасының қазандықтар және газ шаруашылықтары бақылау бөлімінің басшысы Игорь Белан.

Оның айтуынша, станса апат болған кезден бүгінгі түнге дейін ешбір қосымша қуат көздерінсіз қалған. Тек №5 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. ТЖ жөніндегі басқарманың ақпаратынша, бүгін 2 сағат 50 минутта №4қазандық іске қосылды. Алтыншы қазандықтың істен шығуы салдарынан қалаға берілген жылудың көлемі біршама азайған. Төтенше жағдайлар деректері бойынша, сейсенбіде ортақытан шығатын жылу 62 градус болса, кері қайтатын жылу көрсеткіші 52 градусқа төмендеген. Ал электр қуатын өндіру ауқымы 48 МВт-қа дейін төмендеген.

Сәрсенбі түс кезіндегі мәліметтер бойынша, жоспар бойынша 75 градус температура беретін станса 35 градусты көрсетіп отыр. Электр қуаты бойынша жоспарда 135 МВт болса, осы кезде 125 МВт-ты көрсетіп отырған жайы бар.

"Павлодарэнерго" АҚ 3-ші ЖЭС алты қазандықтан тұрады. Өткен дүйсенбіде ондағы тағы үш қазандық тесіліп, уақытша істен шығып қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны