03.01.2008, 17:30 2931

Павлодардың қарт тұрғыны 1-қаңтарда өзінің 107-ге толған туған күнін атап өтті

Павлодардың қарт тұрғыны 1-қаңтарда өзінің 107-ге толған туған күнін атап өтті

Павлодар. 3-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың қарт тұрғыны Майкен Жұмабекова 2008 жылдың алғашқы күні өзінің 107-ге толған туған күнін атап өтті,деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ұзақ жасаған қарттың айтуынша, ол жаңа жыл мейрамын үлкен отбасының ортасында қарсы алған. Шақырылғандардың саны 150 адамға жуық.

"Менің төлқұжатымда туған жылым 1901 жыл деп тұр, мен ХХ ғасырмен бірге тудым деп айтуға болады. Мен өз Отанымның барлық қуанышы мен тауқыметін: революцияны да, аштықты да, Ұлы Отан соғысын да бірге көрдім. Барлығы есімде, өз жақындарымның бүгінде жақсы өмір сүріп жатқандығын және де осы үшін тағдырларына риза болулары туралы үнемі естеріне салып отырамын. Олардың балалары, менің немерелерім, шөберелерім ұлы елде өмір сүруде",- деді Майкен апа.

Майкен Жұмабекова - Павлодардағы ұзақ жасаған 13 қарттың ішіндегі ең үлкені. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы, қарт апаның айтуынша, белсенді өмір, тұрақты еңбек ету мен қоршаған әлемге қайырымдылықпен қатынасуда.

Алдағы жылы Майкен апа өткен ғасырдың 30 жылдары жұттан аман қалып, тұрмыс құрып, ұлды болған Новосибирскіге барып қайтпақ. Ол жаңа жыл түнінде дәл осыны армандады.

Майкен Жұмабекованың 8 немересі және 7 шөбересі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны