09.01.2008, 17:41 3025

Павлодардың Славян орталығы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең үздік деп танылды

Павлодардың Славян орталығы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең үздік деп танылды

Павлодар. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың Славян орталығы 2007 жылы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең үздік орталық деп танылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында, Павлодардың Славян орталығы бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің аумағында жұмыс істейтін осы сияқты жүздеген қоғамдық бірлестіктер ішінен жоғары баға алғандығы айтылған.

Бүгінде бұл бірлестік 5 мыңнан астам адамы бар Павлодар облысының ірі қоғамдық құрылымы болып табылады. Орталықта әртүрлі ұлттың жастары мен балаларына арналған әртүрлі оншақты хореографиялық, вокалдық және музыкалық ұжымдар бар. Жастар театры, "Витязи" гир спортының клубы, туристік үйірмелер бар, әуесқойлар шығарған әндердің фестивальдері өтеді. Славян орталығында жастар мен балалардан басқа қарт адамдар да айналысады. "Рябинушка" халықтық ауыз әдебиетінің хоры, "Соседушки" ансамблі, "Рассвет надежды" және "Славянка" ұжымдары әртүрлі халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болып табылады.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында, орталықтың тек орыс мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін дәріптеуде ғана емес, соңғы 10 жылдан бері Ресейдегі саяси, мәдени және экономикалық өмірді жедел баяндауда да қосқан үлесі зор, деп атап көрсетілген. Орталықта ең үздік ресей фильмдерін көрсету дәстүрге айналған.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында, ең үздік атағы 2008 жылы Павлодардың Славян орталығына аса назар аударып қана қоймай, үлкен жауапкершілік те жүктейді, себебі оның жұмысы екі елдің - Қазақстан мен Ресей халықтарының жақындасуына мүмкіндік береді, делінген хабарлама.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны