25.09.2007, 14:44 10412

Павлодардың үш су қоймасындағы балықтардың қырылу себебі анықталды

Павлодардың үш су қоймасындағы балықтардың қырылу себебі анықталды.

Павлодар. 25-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың үш су қоймасында балықтардың қырылуына тетракотилез деген атпен танымал паразиттік ауру себеп болған. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар қаласының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Сержан Садықов хабарлады.

Оның айтуы бойынша, бұл гельминт (паразит) адамдар үшін қауіпсіз және ол балықтармен қоректенетін құстарда паразит ретінде өмір сүреді, оларды суда таратқан сол құстар. Суқоймаларда паразит балықтардың бұлшық етінде тез таралған. Мамандардың айтуынша, кейбір үлгілерде гельминт мөлшері бірнеше мыңға жеткен.

"Оны жәй көзбен көру мүмкін емес. Себебі, личинканың көлемі 0,5 миллиметр және бұл үшін микроскоп қажет. Ал, бұл личинкалардың тұтасқан жерлерінде аппақ дақ көрінеді. Мен бұл балықты көптеген павлодарлықтар тамаққа пайдаланды деп ойламаймын. Алайда, солай болған күннің өзінде, қандай да бір эпидемияны күтудің қажеті шамалы", - деп түсіндірді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне С. Садықов.

Оның айтуы бойынша, бұл өте кең таралған паразиттік ауру. Мұндай оқиғалар соңғы кездері тек біздің елімізде ғана емес, Венгрия мен Румынияда осындай оқиғалар тұйық су кеңістігі бар орындарда: тоғанды шаруашылықтар мен көлдердің маңында тіркелген.

Мұнымен қатар, мамандар су қоймасындағы балықтар гельминтозбен 100 пайызға ауырған деп топшылап отыр. Бірнеше күннен соң балықтар түгелімен қырылады. Ветеринар қызметкерлері балықтардың қырылуының өзге де себептерін таппады. Инфекция жоқ және су қоймаларға улы сұйықтықтың төгілу оқиғасы дәлелденбеді.

"Су қоймаларындағы металл тұздарының көлемі қалыпты мөлшерде. Егер де, сынап пен кадмий норматив бойынша бір килограмына 0,3 - 0,8 миллиграмм болуы керек болса, мұнда мөлшері - 0,06. Сондықтан, қандай да бір сыртқы әсердің ықпалымен қырылды деу артық", - деп, "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісімен болған сұхбат кезінде Павлодар мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы атап өтті.

Онымен бірге, әзірге көлді құрғату мүмкін болмай отыр. Тиісті қызмет органдары осы күнге дейін су қоймасының иесі кім екендігін анықтай алмай отыр. Ветеринарлар егер су қоймасын құрғатпаса, ол бұдан әрі де қандай да бір инфекцияны тарату қаупін сақтай береді. Ондай жағдайда, тетракотилез тек басы болуы бек мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны