25.01.2012, 12:51 3253

Павлодардың вокзалында табылған баланың анасы полицияға өзі келді

24 жасар анасы өзінің 3 жасар ұлын Павлодардың вокзал маңындағы сауда үйінде әдейі тастап кеткен. Бұл туралы Павлодар ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жанна Біләлова хабарлады.

Павлодар. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодардың вокзалында табылған баланың анасы полицияға өзі келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 24 жасар анасы өзінің 3 жасар ұлын Павлодардың вокзал маңындағы сауда үйінде әдейі тастап кеткен. Бұл туралы Павлодар ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жанна Біләлова хабарлады.

ІІБ баспасөз қызметінің айтуына қарағанда, анасы ұлын тастап кеткеннен кейін Екібастұз маңындағы Солнечный ауылында тұратын апасының қолына барып, шаштаразға жұмысқа орналасқан.

"Іздеп жатқанын естіген әйел полицияға өзі келді", - деді Ж.Біләлова.

"Ол ұлын материалдық мәселелерін шешіп алғаннан кейін алып кетпекші болғанын айтып ақталды", - деп қосты Ж.Біләлова.

Оның айтуы бойынша, қазір осы іске қатысты барлық материалдар жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіліп, сол жерде баланы анасымен қалдыру немесе балалар үйіне жіберу жөнінде мәселе шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жарым апта бұрын Павлодардың вокзал маңындағы сауда үйінде ойыншықтар сататын бөлімге кірген кішкентай бала сатушыға 200 теңге ұсынып, машина беруін сұрайды. Сатушының: атың кім және ата-анаң қайда деген сұрақтарына бала жөнді жауап бермеген. Сол сәтте сатушы полиция шақыртуды жөн санапты.

Қазіргі уақытта ұл бала облыстық балалар ауруханасына орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны