03.12.2007, 12:54 3435

Павлодарлық ардагерлер мәжілістен Ұлы отан соғысының ардагерлерін дербес зейнетақымен қамтамасыз етуді сұрады

Павлодарлық ардагерлер мәжілістен Ұлы отан соғысының ардагерлерін дербес зейнетақымен қамтамасыз етуді сұрады

Павлодар. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарлық ардагерлер парламент мәжілісінің бір топ депутатымен кездесуде олардан Ұлы отан соғысының ардагерлерін дербес зейнетақымен қамтамасыз етуді сұрады.

"Фашизммен күресте Жеңісті арқалап келген жандардың саны күн өткен сайын азая түсуде, сол себепті олар қазіргі буын ұрпақтың қамқорлығын сезінуге тиіс", -деді Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Арынғазина депутаттарға қаратып айтқан өтінішінде.

Оның айтуынша, ардагерлердің басым бөлігі қазір қымбат емдеуді қажет етеді. "Алдағы үш -төрт жылда ардагерлерді қамтамасыз ету мәселесі өзіндігінен жойылады, сондықтан да қазір олардың көзі тірісінде үлкен қамқорлықты сезінуге тиіс", - деді ол.

Ардагерлер ұйымдарының мәліметінше, қазір Павлодар облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 700 ардагер қалды, ал еліміз бойынша олардың жалпы саны 20 мыңға жуық адамды құрайды.

Мәжіліс депутаты Владимир Бобров қазіргі таңда парламенттің "Ардагерлер туралы" заң жобасын қарап жатқанын атап өтті. "Ирине, біздің оларды қорғауға бағыттап отырған қаржымыз тым мардымды емес, заңның аясында осы мәселелер толық қаралатын болады". Оның айтуынша, "заң жобасын қарауға әлі де 2-3 ай уақыт керек".

"Қазір біз бұл мәселені үкіметпен келісіп жатырмыз, ол бюджеттен шығын шығаруды талап ететін әлеуметтік шешім, біз оны есептеп жатырмыз, ол дербес зейнетақы болса да, әлде басқаша түрде болса да, еліміздегі ардагерлер мемлекеттен қомақты көмек алатын болады", - деді В. Бобров.

Депутаттармен кездесуде ардагерлер бұған қоса Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындықты қазірден бастау мәселесін көтерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны