28.04.2011, 17:20 4264

Павлодарлық бүлдіршіндерге сегіз балабақша қайтарылатын болды

Павлодарлық бүлдіршіндерге сегіз балабақша қайтарылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - Павлодарлық бүлдіршіндерге сегіз балабақша қайтарылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Зәуреш Мұқашева "Балапан" бағдарламасының орындалу барысына арналған кеңесте мәлім етті. Жиналыс аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат облыс әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде қаланың және облыстың коммуналдық меншігінде тікелей мақсатта қолдануға жарайтын 14 бұрынғы балабақша ғимараты бар. 2012-2013 жылдарға тағы бес ғимаратты босату жоспарланып отыр", - деп атап көрсетті З.Мұқашева.

Кеңесте сондай-ақ жаңа балабақшалар салу және мемлекеттік білім тапсырыстарын жекеменшік мектепке даярлық ұйымдарына жайғастыру мәселелері де талқыланды.

Өңірде "Балапан" бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Өткен жылы 10 мың бүлдіршін балабақшалар мен шағын орталықтардан орын алды. Мектеп жасына дейінге аймақ бүлдіршінінің 77 пайыздан астамы бүгінде балабақшамен қамтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны