25.02.2010, 11:03 1617

Павлодарлық дәрігерлер соғыс ардагерінің өліміне қатысы жоқтығын мәлімдеуде

Павлодарлық дәрігерлер соғыс ардагерінің өліміне қатысы жоқтығын мәлімдеуде

Павлодар. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарлық дәрігерлер соғыс ардагерінің өліміне қатысы жоқтығын мәлімдеуде, ардагер аурухананың шкафынан асылып өлген күйде табылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық диагностикалық орталыққа сілтеме жасап.

"Бұл науқас біздің ауруханада жыл сайын диспансерлік қараудан өтетін. Созылмалы ауруы асқынған кезде жоспарлы жатып емделеді, осы жолы да солай болған. Ол өзін-өзі өлтірген, бұл- әрине патология", - деді облыстық диагностикалық орталықтың директоры Сәуле Байқазақова.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғаға дәрігерлердің еш қатысы жоқ. "Барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетілген. Оған қойылған диагноз бен оның жағдайы оқиғаның осылайша өрбуіне әсер еткен болуы мүмкін. Жағдайы тұрақты болатын, оның ауруы осы жастағы адамдар қорқатын ауыр жағдайға әкелетіндей ауру емес еді. Өзін-өзі өлтіруге қандай жайттардың себеп болғанын біз айта алмаймыз", - деді С. Байқазақова.

Науқастың қандай аурудан емделіп жүргенін дәрігерлік құпияны алға тартып, олар айтпай отыр. "Өздеріңіз түсінесіздер, егде жастағы адам еді, қосалқы сырқаттары көп болған. Оның мінез-құлқында, соматикалық мәртебесінде өзгерістер байқалмаған. Бұл адам басқа науқастардан қандайбір мінез-құлқымен немесе қарым-қатынасымен өзгешеленген емес. Қарапайым науқас", - деді орталық директоры.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, 87 жастағы соғыс ардагерінің мәйіті 22 ақпан күні таңертең ерте таңғы байқау кезінде табылған. Ол өз шалбарының белбеуіне асылып өлген. Өлімнің себептері әзірге белгісіз. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

Алайда соғыс ардагерінің қазасы туралы ақпарат ресми түрде кеше ғана расталды.

Соғыс ардагерін 23 ақпанда жерлеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны