14.11.2012, 10:17 2533

Павлодарлық кәсіпорындар өндіріс көлемін арттыруда

Көптеген индустриалды жобаларды жүзеге асырып келе жатқан Павлодар облысы инвесторлардың назарын аударып отыр, деп жазады Хабар агенттігі.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Павлодарлық кәсіпорындар өндіріс көлемін арттыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көптеген индустриалды жобаларды жүзеге асырып келе жатқан Павлодар облысы инвесторлардың назарын аударып отыр, деп жазады Хабар агенттігі.

Өңірде қалыптаса бастаған еркін экономикалық аймаққа бүгінде отандық және шетелдік 43 ірі компания қызығушылық білдіруде. Павлодарда өткен өңіраралық инвестициялық форум жұмысында кәсіпкерлер бүгінгі жетістіктерін айтып, болашақ жобаларымен жиналғандарды таныстырды.

"Қазақстанда жасалған" алюминий сымдары шетел нарығында кеңінен танылып үлгерді. Бұл қуатты жобаның жоғары экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. "Қазэнергокабель" зауыты жаңа өнімін 1 жыл бұрын шығарған болатын. Бүгінде табысы толағай. Кәсіпорын құны 9 млн АҚШ долларынан асатын 4 мың тонна өнімді экспортқа шығарды.

Индустриалды форум өңірдегі барлық жетекші кәсіпорындардың мақсатын бір арнаға тоғыстырды. Іргелес орналасқан Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері де өз өнімдерін ұсынды. Ортақ мүддеде жұмыс істеуге ниетті кәсіпорындар дәл осында жаңа келісімшарттар жасасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны