09.02.2016, 10:42 3177

Павлодарлық мектептерде оқушылардыӊ 25 пайызға жуығы тұмау мен ӨРВЖ-ға шалдыққан

Біздіӊ мектептердегі жағдай әртүрлі. Кейбір жерлерде жұқпаға шалдыққандар саны көп болса, кей жерлерде мүлдем жоқ. Жалпы, 15-25 пайыз аралығында. Идетте, көрсеткіш 30 пайызға жеткенде карантин жарияланады, - деді З. Мұқашева.

Павлодар. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарлық мектептерде вирустық жұқпаға байланысты оқушылардыӊ 25 пайызы сабаққа қатыспайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы агенттікке Павлодар қаласы білім беру бөлімініӊ басшысы Зәуреш Мұқашева хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Біздіӊ мектептердегі жағдай әртүрлі. Кейбір жерлерде жұқпаға шалдыққандар саны көп болса, кей жерлерде мүлдем жоқ. Жалпы, 15-25 пайыз аралығында. Идетте, көрсеткіш 30 пайызға жеткенде карантин жарияланады, - деді З. Мұқашева.

Еске сала кетейік, қаӊтар айында павлодарлық санитарлық дәрігерлер биылғы маусымда тұмау жұқтырды деген күдікпен бір оқиғаны тіркеген. Дегенмен көршілес Омбы қаласында эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізілгеннен кейін өӊірде карантинді ұзарту туралы шешім қабылданған. Өткір респиарторлық вирусты жұқпа және тұмау бойынша ауру көрсеткіші Омбы облысында шекті деӊгейден 63,42%-дан асып түскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны