04.01.2008, 16:33 3094

Павлодар-Петропавловск автобусының жолаушылары жеке заттарынан және жаңа жыл сыйлықтарынан айрылды

Павлодар-Петропавловск автобусының жолаушылары жеке заттарынан және жаңа жыл сыйлықтарынан айрылды

Павлодар. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар-Петропавловск қалааралық бағытымен жүретін автобус жолаушыларынан жеке заттары және жаңа жыл сыйлықтары 30- нан 31 қараған түні ұрланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Астананың көлік вокзалында шығып чемоданымның бос екенін аңғардым. Басқа адамдар да өздерінің сөмкелерін тексеріп, олардың ішінде заттары жоқ болып шықты", - деді автобус жолаушысы Николай Кудрин.

Оның сөздеріне қарағанда, автобустың жүк бөлігінде алты жолаушы өздерінің заттарының жоғалғанын анықтаған. Оқиға орнына Астананың Сары-Арқа ІІД шұғыл-тергеу тобының қызметкерлері келді. Алдын- ала есеп бойынша, шығын көлемі 1 млн теңгені құраған. Жолаушылардың жеке заттарымен қоса, балалар мен туған туыстарына жаңа жылға арналған сыйлықтары жоғалған. Сонымен қатар, үй-шаруашылығында пайдаланылатын техника және фотоаппараттар ұрланған.

Тергеушілердің топшылауы бойынша, автобус Павлодар облысының территориясында Екібастұз немесе Шедерті поселкесінде аялдама жасаған кезде тоналды.

"Полициядағылардың есебі бойынша, ұрлықты бала немесе жасөспірім жасаған. Ол алдын- ала жүк бөлігіне еніп, тоқтаған аялдамалардың бірінде заттарды арқалап шығып кеткен", - деді зардап шеккендер.

Бүгін автобус жолаушылары Павлодар облысының құқық қорғау органдарына арыз жазды. Н. Кудриннің сөздері бойынша, бұл рейске қызмет көрсеткен петропавлдық "Севқазавтотранс" көлік компаниясы жолаушыларға келтірген шығындарын өтеуге ниет танытпай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны