11.04.2012, 14:15 4142

Педагогикалық шеберлік орталығында мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттырады

"Биыл Педагогикалық шеберлік орталығының базасында мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Ұлттық біліктілік арттыру орталығының базасынан 4 мыңнан астам адам оқудан өтпек", - деді К. Шәмшидинова.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Педагогикалық шеберлік орталығының барлық филиалдары мен бірқатар педагогикалық жоғары оқу орындарының базасында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін үшінші деңгейлі біліктілік арттыру курстары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова.

"Биыл Педагогикалық шеберлік орталығының базасында мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Ұлттық біліктілік арттыру орталығының базасынан 4 мыңнан астам адам оқудан өтпек", - деді К. Шәмшидинова.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда екінші және бірінші санаттағы педагогтар үшін даярлау бағдарламалары әзірленіп жатыр. Педагогтарды жаттықтыратын жаттықтырушылар үшін де даярлық қоса жүруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны