14.01.2010, 18:32 3528

Педиатрия институты мен қан орталығы директорларының орынбасарлары жұмыстан шығарылды - Денсаулық сақтау министрі

Педиатрия институты мен қан орталығы директорларының орынбасарлары жұмыстан шығарылды - Денсаулық сақтау министрі

Астана. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Педиатрия институты мен Республикалық қан орталығы директорларының орынбасарлары жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтырып алу себебін анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан медициналық мекемелерге жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жауапкершілік мәселесіне келетін болсақ, Педиатрия институты директорының емдеу профилактикалық көмек мәселелері бойынша жауап беретін орынбасары мен Республикалық қан орталығы директорының жұқпалы аурулар мәселелері бойынша жауап беретін орынбасары жұмыстан шығарылды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны