08.06.2018, 17:22 7419

Педиатрия орталығында инновациялық сынып ашылды

Келесі аптадан бастап сурет салу, конструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, дойбы, шахмат үйірмелері өз жұмысын бастайды.

Алматы. 8 маусым. Kazakhstan Today - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында озық қондырғылармен жабдықталған "SmartSchool" оқу сыныбыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті.

Смарт классты орталық директоры Риза Боранбаева мен Самсунг компаниясыныӊ өкілі Анастасия Гулметова ашты. - "Бүгін біз үшін айтулы күн. Балаларға үлкен қуаныш сыйлаған, осы әсем де жарық сыныпты жасап, заман талабына сай жабдықтап берген Самсунг компаниясына шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін біздіӊ кішкентай пациенттеріміз барлық пәндер бойынша палаталарында білім алса, енді осы сыныпта білімдерін жалғастырып қане қоймай, бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізетін болады. Ертеӊнен бастап сурет салу, коструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, шашки, шахмат үйірмелері жұмысын бастайды. Бұл өз кезегінде балалардыӊ тезірек жазылып, сауығып кетуіне оӊ әсерін тигізеді деп сенеміз", деді ашылу салтанатында Педиатрия орталығыныӊ директоры Риза Боранбаева.

Инновациялық оқу бөлмесі онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған. Орталықта бүгінгі күні 100-ден астам бала ем алуда.

"Самсунг компаниясы Қазақстан бойынша еліміздегі мектептерге осы күнге дейін 13 смарт класс ашты. Біз осындай оқу сыныптарыныӊ балалардыӊ, әсіресе, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға оӊ әсері тиетінін Ресейдегі Рогачев атындағы онкология және гематология орталығынан білдік. Балалардыӊ жазылып кетуіне біз де өз септігімізді тигізу үшін орталықта ем алатын балаларға Балалар күніне орай сыйға тартуды жөн көрдік. Басты мақсатымыз - балалардыӊ емделіп кетуіне үлес қосу, заманауи шешім арқылы балалардыӊ қызықты әрі тиімді білім алуларына мүмкіндік жасау", деді Самсунг компаниясыныӊ өкілі Берік Омаров.

Атап өте кетейік, аталмыш компания өткен жылы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына дәл осындай смарт классты сыйға тартқан еді.

Осы заманға сай білім беру құралдарымен жабдықталған оқу сыныбында балалар математика, тарих, ағылшын тілі және т.б. жалпы пәндермен бірге шығармашылық жұмыстармен де айналыса алады. Сондай-ақ, бұл сыныпта музыка мен ертегілердіӊ көмегімен терапия сеанстары өткізіледі. Орталыққа келіп дәріс беретін мұғалімдер, сабақтарды тиімді және қызықты етіп онлайн режімде де жүргізе алады. Онлайн түрінде өтетін сабақтарға енді төсекке таӊылған балалар да қатыса алатын болады. Дәрістер жаӊа интерактивті оқу әдісімен жүргізіледі. Сынып үлкен интерактивті тақтамен, экологиялық таза жиһаздармен қамтамасыз етілген. Қатысушыларға арналған 20 планшет те қойылған. Сынып іші заман талабына сай әрленіп, безендірілген. Орталықта емделуші балалар сабақтарды жаӊа оқу жылынан жаӊа форматта оқитын болады. Бүгін гемотология бөлімінде ем алып жатқан балалар смарт сыныпқа алғашқылардыӊ бірі болып отырды.

Келесі аптадан бастап сурет салу, конструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, дойбы, шахмат үйірмелері өз жұмысын бастайды. Үйірмелерді "HelpToday" қоғамдық ұйымыныӊ 10-ға жуық ерікті өкілдері тегін жүргізетін болады. Сыныптыӊ ашылу салтанатында "HelpToday" қоғамдық ұйымыныӊ жетекшісі Эльмира Илиева дәріс беретін ұстаздармен таныстырып, сыныптыӊ ашылуымен құттықтады.

- "Жақсылық жасасаӊ балаға жаса", деген дана халқымыз. Ортақ қуанышымыз құтты болсын! Біз қашанда еліміздіӊ болашағы балалар үшін жақсылық жасауға әзірміз. Балалардыӊ емін үзбей, білімдерін арттырып, шығамашылық жағынан да дамуға мүмкіндік беретін бұл жобаға атсалысқанымызға қуаныштымыз. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дәріс жүргізу ісін жеделдетіп, сабақтарды қызықты ете түсетініне сенімдіміз", деп атап өтті Э.Илиева. Шара барысында мойын қатерлі ісігі диагнозымен жатқан 10 жастағы Илиманыӊ анасы Гаухар Игенбаева ата-аналар атынан сөз сөйлеп, балалар үшін жасалып жатқан қайырымды іс үшін алғысын білдірді. Озық қондырғылармен жабдықталған "Ақылды сыныпты" Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы Халықаралық Балалар күніне орай тарту етті. Игілікті іс "HelpToday" қоғамдық ұйымыныӊ жетекшілігімен іске асты.

"Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы"

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны