08.05.2018, 21:11 3813

Педиатрия орталығыныӊ хирургы күрделі ота жасады

Өт жолдарыныӊ күрделі эхинококкозды ауруы шет елдерде жиі кездессе, Қазақстанда мұндай патологияға шалдығу жағдайы өте сирек кездеседі. Отаныӊ да ерекшелігі осында, сирек жасалатын ауыр да күрделі ота болып саналады. Мұндай күрделі операция аймақтарда жасалмайды.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - 2 мамыр күні Талдықорған қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына Педиатрия және балалар хирургиясы орталығыныӊ білікті хирургы Константин Хаиров республикалық санитарлық авиация әуе жолы - тік ұшақ арқылы жедел түрде аттанып, сарыауру, өт жолдарыныӊ асқынған эхинококкозы диагнозымен жатқан 13 жастағы балаға күрделі ота жасады.

Операцияныӊ бірегейлігі өт жолдарындағы эхинококк паразиттерін оқшаулаудыӊ сиректігі болып табылады. Илемдік деректерге сүйенсек, осы оқшаулаудыӊ кездесу жиілігі біріншілікті эхинококкоздар арасында 0,13-0,48%-ды құрайды. Науқастыӊ өт жолын паразиттіӊ хитинді қабықшалары бітеген еді, жағдайдыӊ күрделілігіне қарамастан өт жолдары және бауырдағы эхинококкозды алу операциясы сәтті өтті.

Өт жолдарыныӊ күрделі эхинококкозды ауруы шет елдерде жиі кездессе, Қазақстанда мұндай патологияға шалдығу жағдайы өте сирек кездеседі. Отаныӊ да ерекшелігі осында, сирек жасалатын ауыр да күрделі ота болып саналады. Мұндай күрделі операция аймақтарда жасалмайды.

Айта кетейік, ауыр да күрделі операцияға облыстық балалар ауруханасыныӊ хирург-дәрігерлері де қатысты. Білікті де жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарыныӊ кандидаты, Педиатрия орталығыныӊ хирургия бойынша директор орынбасары К.Хаиров қиын отаны жасай отырып, аймақтық дәрігерлерге тәжірибесімен бөлісті.

Облыстық аурухананыӊ басшылары ауыр отаны жасап, баланыӊ өмірін сақтап қалуда көрсеткен көмегі үшін Константин Хаировқа үлкен алғыстарын білдірді.

"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны