18.05.2010, 16:23 2597

Пекин қаласында Ийелдердің 20-шы мерейтойлық жаһандық саммиті өтеді

Пекин қаласында Ийелдердің 20-шы мерейтойлық жаһандық саммиті өтеді

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Пекин қаласында 2010 жылғы 20-22 мамырда Ийелдердің 20-шы мерейтойлық жаһандық саммиті өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ийелдердің жаһандық саммиті тәжірибе алмасу және креативті стратегия жолымен бірлесе күш жұмсап әйелдердің экономикалық жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдар арасындағы әріптестікті күшейту үшін ойластырылған. Бұл әйелдердің әлемдік экономикадағы жағдайын жақсартуға ұйымдастырылған бизнес-форум.

Мұндай саммиттер 1992 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемнің әртүрлі елдерінен көшбасшы әйелдер қатысады. Алдағы іс-шараларға планетаның 1000 шамасындағы көшбасшы әйелдер қатысады деп көзделуде. Саммиттердің өзекті тақырыптары әйелдердің барынша экономикалық тәуелсіздігін, олардың жаһандық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Саммит шеңберінде қазіргі заманның барынша өзекті мәселелері талқыланады, атап айтқанда "Иріптестік арқылы әйелдер үшін көшбасшылық өзгерістер" тақырыбындағы министр әйелдердің дөңгелек үстелі өтеді. Сондай-ақ, "Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі үрдістер: жаңару", "Жаңа БАҚ-тар және олардың нарықты қамтуды кеңейту қабілеттері", "Мэр әйелдер: жергілікті билік органдары арқылы әйелдер үшін негізгі өзгерістер" "Жаңаратын энергияға негізгі жол: Ийелдер неліктен бұған алаңдауға тиіс?", "Көшбасшылық қасиеттерді дамыту" мәселелері секілді мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ әйелдер көшбасшылығы үшін Жаһандық сыйлықпен және Қытай сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстаннан саммитке 22 әйелден тұратын делегация қатысады, оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі - Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Ибдіқалықова басқарып барады.

Қазақстандық делегация жетекшісі саммитке қатысушыларды ұлттық гендерлік саясаттың іске асырылуы туралы хабардар етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны