23.06.2008, 19:20 3237

Пекин қаласының төңірегінде дәуіттердің көмегімен зиянды жәндіктермен күресуде

Пекин қаласының төңірегінде дәуіттердің көмегімен зиянды жәндіктермен күресуде

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жұма күні Пекин қаласының Шуньи ауданында қолдан өсірілген 1,8 млн дәуіт еркіндікке жіберілді. Олардың басты міндеті - ауыл және орман шаруашылығының 8000 му (15 му = 1 гектар) аумағындағы зиянды жәндіктермен күресу болып табылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Сарапшылардың пайымдауынша, ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаштардың зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдістемелері қоршаған ортаның ластануына және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны