09.12.2009, 15:09 3072

Пермь қаласындағы түнгі клубта шыққан өрт құрбандарының саны 121-ге жетті

Пермь қаласындағы түнгі клубта шыққан өрт құрбандарының саны 121-ге жетті

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Пермь қаласындағы түнгі клубта шыққан өрт құрбандарының саны 121-ге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

РФ ТЖМ Пермь өңірлік басқармасының хабарлауынша, бүгін таңертең өрт құрбандарының тізімі тағы бір адамға толықты. Мәскеудегі бір ауруханада тағы бір ер адам көз жұмды. Бұл адам туралы мәлімететр әзірге жоқ. Сөйтіп, Пермь қаласындағы түнгі клубта шыққан өрт құрбандарының саны 121-ге жетті.

Пермь ауруханаларында зардап шеккен 13, Мәскеудегі медициналық мекемелерде 64 адам, Челябинск қаласында 7, Санкт-Петербургте 27 адам жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны