31.01.2012, 11:59 7414

Перуде 6,3 балдық жер сілкінісі болды

Перудің Тынық Мұхит жағалауында күші Рихтер бағамымен 6,3 балл құраған жер сілкінісі болды. Жергілікті үкімет өкілдерінің хабарлауынша, зілзаладан жүзден аса адам жарақаттанған.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Перуде 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Перудің Тынық Мұхит жағалауында күші Рихтер бағамымен 6,3 балл құраған жер сілкінісі болды. Жергілікті үкімет өкілдерінің хабарлауынша, зілзаладан жүзден аса адам жарақаттанған.

Зілзала ошағы Ика қаласынан 15 шақырым қашықтықта болған. Табиғи апаттан ең ауыр зардап шеккен бұл қалада ондаған ғимарат қирады. Жер сағат түнгі 00.00-ден кейін сілкініп, зәресі ұшқан тұрғындардың көбісі жердің қайта сілкінуінен қауіптеніп, үйлерінен қашып шығып, көшеде түнеді.

2007 жылы тап осы аймақта күші 8 балл болған жер сілкінісінен 519 адам опат болған еді. Перу "Отты белдік" деп аталатын жанартаулар мен тектоникалық жарықтар алабында орналасқан. Тынық мұхит арқылы өтетін "Отты белдікке" Оңтүстік пен Солтүстік Америка жағалауы, Жапония, Филиппин, Индонезия, Жаңа Зеландия жатады. Бұл жерде Жер бетіндегі жанартаулардың көбісі орналасқан және әлемдегі зілзалалардың 90 пайызы осында тіркеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны