04.04.2012, 10:38 3515

Перуде дельфиндер қырылып жатыр

Жергілікті экологтар теңіз хайуандарының қырылуына осындағы мұнай өндіру өнеркәсібін кіналап отыр. Олардың ұйғарымынша, мұнай өндіру саласында қолданылатын кейбір тәсілдер аймақтың экологиялық жүйесіне зардап келтіруде.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Перудің солтүстігіндегі Ламбайеке ауданының мұхит жағалауында биылғы жылдың басынан бері 3 мыңға жуық дельфиннің өлі денесі табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті экологтар теңіз хайуандарының қырылуына осындағы мұнай өндіру өнеркәсібін кіналап отыр. Олардың ұйғарымынша, мұнай өндіру саласында қолданылатын кейбір тәсілдер аймақтың экологиялық жүйесіне зардап келтіруде. Ғалымдар бұл ретте күшті акустикалық радиотолқындар шығаратын құрылғыларды мұнай барлау үшін пайдалану, дельфиндер мен теңіздің басқа да сүтқоректі жануарлардың өліміне алып келгенін айтуда. Оған себеп-адамдарға сезілмейтін акустикалық толқындар дельфиндердің кеңістікте қозғалу қабілетіне зардап келтіреді және олардың ішкі ағзаларынан қан кетуіне алып келеді. Мұнай өндіруші компаниялар болса дельфиндердің қырылуына басқа бір себеп бар деп өздерінің тәуелсіз зерттеуін жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны