19.06.2008, 17:44 2954

Перуде мыс өндіру саласының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

Перуде мыс өндіру саласының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Перуде мыс өндіру саласының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Перудегі ең ірі Southern Copper Corp. компаниясына сілтеме жасап.

Southern Copper Corp. қызметкерлері компаниядан кіріспен бөлісуді талап етуде. Southern Copper-ге қарасты Cuajone кен орнының қызметкерлері 48-сағаттық ереуіл жариялады. Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Роман Мурдың (Roman More) хабарлауынша, 500 жұмысшының 280-і жұмыс тоқтатқан. Southern Copper ақпаратына сәйкес, ереуіл кен орнындағы өндіріске біршама салқынын тигізген. Сол себепті компания 19 маусымда Toquepala және Cuajone кен орындарын жаппақшы.

Кейінгі алты жылда Перуде мыс өндіру көлемі 83,8%-ға - 2002 жылы 647,5 мың тоннадан 2007 жылы 1190,3 мың тоннаға дейін өсті. Елден мыс экспорты 2007 жылы 1,12 млн тоннаға бағаланған. Өткен жылы тек Cuajone кен орнында 150 мың тонна мыс өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны