17.04.2008, 13:30 2916

PetroKazakhstan Қызылорда облысындағы жобаларды қаржыландыруға 4 млн доллар бөледі

PetroKazakhstan Қызылорда облысындағы жобаларды қаржыландыруға 4 млн доллар бөледі

Қызылорда. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - PetroKazakhstan Kumkol Resources (ПККР) компаниясы Қызылорда облыстық әкімшілігімен өңірдің 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, соған сәйкес компания "Демеу" әлеуметтік қорына $4 млн бөледі. Бұл туралы компанияның бүгін таратқан хабарламасында айтылған.

PetroKazakhstan компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , қол қойылған меморандумға сәйкес, "қаржы облыстағы түрлі әлеуметтік, экологиялық, мәдени, спорттық және басқа да шараларды қолдауға бөлініп отыр".

"Меморандумға Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ПККР президенті Бо Чилян қол қойды", -делінген баспасөз баянында.

"Демеу" әлеуметтік қоры Қызылорда облысында жұмыс істейтін түрлі мұнайгаз компаниялары бөлген қаржыны біріктіру арқылы әлеуметтік маңызды және әлеуметтік пайдалы жобаларды қаржыландыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны