10.03.2017, 18:26 6174

"ПетроҚазақстандағы үздік әйелдер" конкурсыныӊ қорытындысы шығарылды

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясы азаматтары өздерімен бірге қызмет атқаратын қыз-келіншектер құрметіне салтанатты шара өткізді

Қызылорда. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясы азаматтары өздерімен бірге қызмет атқаратын қыз-келіншектер құрметіне салтанатты шара өткізді. Онда "ПетроҚазақстандағы үздік әйелдер" конкурсыныӊ қорытындысы шығарылып, нәзікжандыларға сый табыс етілді.

"Басшы әйел" номинациясы бойынша жабдықтау бөлімініӊ басшысы Фатима Ағымбаева жеӊімпаз болса, "Отбасы ұйытқысы" сыйлығы Мәншүк Байбазароваға бұйырды. "Мамандыққа құрмет" аталымы жеӊімпазы Сәуле Ниязбаева. Сондай-ақ, Анар Қапанова "Спорт ханшайымы", Гүлбаршын Өскелеӊова мен Ғалия Қопағұлова "Сүйікті әже", Лола Ходжаназарова "Шебер қол", Дана Ибуова "Еӊ әдемі және тартымды", Лариса Цой "Жастар лидері" атанды.

Барлық қатысушылар диплом мен түрлі сыйлықтар иеленді. Олардыӊ қатарында Айнұр Құрманбаева, Бақытгүл Есіркепова, Альбина Илмағанбетова, Дина Ермекқараева, Бақыт Қалдыбаева, Жанар Жарылқасынова, Галия Шембекова, Салтанат Есжанова, Сәрсенкүл Сыздықова, Айғаным Тажғалиева, Инна Ким, Гүлнұр Нұрсейітова, Айдана Көбенова, Салауат Иманқұлова, Нұршат Исмаxанбетова, Раушан Қаленова, Күміс Ибраева мен Салтанат Мұxамедәлиевалар болды.

Конкурсты ұйымдастыру ісіне атсалысқан Софья Даминова, Айкүміс Қосанова, Аида Бимырзаева және Оксана Черниковалардыӊ атына да жылы лебіздер айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны