16.05.2007, 11:16 2536

Петропавл әуежайының басшылығы өз қызметкерлеріне 7,5 млн теңге берешек - прокуратура

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. "Петропавл халықаралық әуежайы" АҚ-ның басшылығы өз қызметкерлеріне 7,5 млн теңге берешек. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық көлік прокуратурасы "Петропавл халықаралық әуежайы" АҚ-дағы еңбек заңнамасының сақталу жайына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Тексеру барысында "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңның 76-бабы мен ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 319-бабын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Бұл азаматтардың атқарған еңбегі үшін сыйақы алу және әлеуметтік жеңілдіктер мен міндетті зейнетақы аударымдарына ие болу жөніндегі конституциялық құқығына қайшы келеді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның атап көрсетуінше, "кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы берешегі 2006-жылдың қараша айы мен 2007-жылдың наурызы аралығында 7 млн 600 мың теңгеге жеткен".

Солтүстік Қазақстан облыстық көлік прокуратурасының шағымы бойынша Петропавл қалалық сотының шешімімен "Петропавл халықаралық әуежайы" АҚ-ынан берешек толық көлемде өндіріп алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны