22.07.2015, 17:50 3688

Петропавл қаласы әуежайыныӊ жұмысы уақытша тоқтатылды

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Петропавл қаласы әуежайыныӊ жұмысын уақытша тоқтатты

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Петропавл қаласы әуежайыныӊ жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сертификациялық тексеріс кезінде комиссия ұшу қауіпсіздігі саласында кей олқылықтарды байқады. Олардыӊ ішінде: арнайы техниканыӊ жеткіліксіз болуы, мәселен - өрт сөндіру көлігі, сонымен бірге жасанды ұшу-қону жолағына қызмет көрсетуге арналған машиналар. Бұл туралы Airport Management Group баспасөз хабарламасында жазылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Атап өту керек, ағымдағы жылдыӊ ақпанынан ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініӊ мамандары Петропавл әуежайынан реактивті ұшақтарды ұшыру және қабылдауға шектеу қоған. Салдарынан ВС Ан-24 ұшағыныӊ 1 аптада ұшу жиілігі 5 рейске қысқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны