26.12.2013, 19:39 6076

Петропавл қаласында қаржы полициясының майоры өлтірілді

Бұл факт бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 96 бабымен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылғы 24 желтоқсанда сағат 20:00-дің шамасында Петропавл қаласында өз үйінің кіреберісінде қарудан атылған бірнеше оқпен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы қаржы полициясының майоры Ахметов Жандос Аликұлы өлтірілді.

Бұл факт бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 96 бабымен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады.

Ішкі істер органдарымен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында барлық мән-жайлар қарастырылуда. Ж.Ахметовты өлтірумен оның қызметінің арасындағы байланыстың бар екендігін жоққа шығармаймыз.

Ж.Ахметов 2012 жылғы наурыз айынан қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.

2013 жылғы наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның қарауына тергеу және сотқа дейінгі өндіріс мәселелері болған.

Жандос Аликұлының артында жұбайы мен екі ұлы қалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны