09.07.2015, 18:00 3350

Петропавл қаласыныӊ өрт сөндірушілері 9 қабаттағы өртті сөндірді

Ағымдағы жылдыӊ 9 шілдесінде 11 сағат 02 минутте өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне Петропавл қаласыныӊ Абай көшесі, 81 үй мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт туындағаны туралы хабарлама келіп түсті

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 9 шілдесінде 11 сағат 02 минутте өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне Петропавл қаласыныӊ Абай көшесі, 81 үй мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт туындағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ТЖ болған жерге келгенде 9 қабаттыӊ баспалдақ алаӊында қосалқы үй-жай жанып жатқаны анықталды. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімініӊ өрт сөндіруші-құтқарушылары өрт қауіпті аумақтан 25 адамды, оныӊ ішінде 5 баланы, жедел эвакуациялады. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер екі пәтерде тұратын 5 адамды құтқарды, олар пәтерден шығу жолы отпен жабылып қалған соӊ, өздері шыға алмаған. Үш тұрғынды тыныс алу аппараттарын кигізіп шығарды, екеуі автосаты арқылы эвакуацияланды.

3-МӨСБ кезекші қарауылыныӊ сауатты әрекеттерініӊ арқасында өрт тез арада сөндірілді және оныӊ салдары азайтылды. Қаза тапқандар және зардап шеккендер болған жоқ. Өрттіӊ көлемі 4 шаршы метрді құрды. Өрт сөндіруге жеке құрамныӊ 10 адамы, өрт сөндіру техниканыӊ 3 бірлігі жұмылдырылды.

ТЖ себебі анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны