15.11.2012, 11:08 2883

Петропавлда "Аграриялар үйі" пайдалануға берілді

Облыс басшысы Серік Біләлов енді ауыл шаруашылық басқармалары бір ғимаратқа шоғырланады және бұл ведомстволардың бірлескен жұмысына игі әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, солтүстік қазақстандықтар да мемлекеттік мекемені іздеп сандалмайтын болды.

Петропавл. 15-қараша. Kazakhstan Today - Петропавлда "Аграриялар үйі" пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, облыс басшысы Серік Біләлов енді ауыл шаруашылық басқармалары бір ғимаратқа шоғырланады және бұл ведомстволардың бірлескен жұмысына игі әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, солтүстік қазақстандықтар да мемлекеттік мекемені іздеп сандалмайтын болды.

Бірінші қабатта "Даму" қоры мен кәсіпкерлікті қолдау орталығын орналастыру жоспарлануда. Екінші қабатта - жер басқармасы, одан бір қабат жоғары - ветеринарлық инспекция, ауыл шаруашылық басқармасы, 4-қабатта - табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орналаспақ. Бұл ғиамарат әлі де бірқатар ұйымдармен толыға түспек.

Өңір басшысы ғимарат пен оның аумағын абаттандыру бойынша бірнеше кеңес берді.

"Агрария үйінің" құрылысына бес жүзден астам теңге жұмсалды. Нысан қазір пайдалануға берілген", - деді баспасөз қызметінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны