30.05.2013, 14:05 8421

Петропавлда автобус жүргізушісі 9 жастағы баланы қағып кеткен

СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 мамыр күні Петропавлда "Хеньшань" автобусының 33 жастағы жүргізушісі Кошуков көшесінде 9 жастағы баланы қағып кеткен. Ол жақын келіп қалған көлікке қарамастан, өтуге болмайтын жерден жүгіріп өте шыққан. Жол-көлік апаты салдарынан екінші сынып оқушысы ішінен жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлда автобус жүргізушісі 9 жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 мамыр күні Петропавлда "Хеньшань" автобусының 33 жастағы жүргізушісі Кошуков көшесінде 9 жастағы баланы қағып кеткен. Ол жақын келіп қалған көлікке қарамастан, өтуге болмайтын жерден жүгіріп өте шыққан. Жол-көлік апаты салдарынан екінші сынып оқушысы ішінен жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ал 29 мамыр күні" Draymler" автокөлігінің жүргізушісі 34 жастағы әйел мен оның 9 жасар ұлын қағып кеткен. Олар жаяу жүргіншілер жолының реттелмейтін тұсынан өтпек болған. Бала ауруханаға жеткізілді. Ал анасы медициналық көмектен бас тартты. "Draymler" көлігінің 72 жастағы жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Бұл факті бойынша бірқатар қажетті сараптамалар белгіленді.

Жыл басынан облыс жолдарында балалардың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 1 бала мерт болып, 8-і жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны