26.12.2007, 19:43 3331

Петропавлда автобустың жол ақысы көтерілді

Петропавлда автобустың жол ақысы көтерілді

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлда 25 желтоқсаннан бастап кейбір жол бағыттарындағы автобустардың жол ақысы 5 теңгеге көтеріліп 35 теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Петропавловск-Норд" кәсіпорынның меншігіндегі автобустармен жол жүру құны кешеден бері 35 теңгені құрады. Сондай-ақ облыс орталығындағы № 27, 2, 25, 4а, 31, 16, 28 және 6 бағытында жүретін автобустардың бағасы өсті. Ал 7, 11 және 24 бағытымен жүретін көліктің жол ақысы өзгеріссіз қалды.

Бұдан бұрын Петропавлде жол жүру құны биылғы жылдың ақпан айында көтерілген болатын. Сол кезде қалалық жолаушылар тасымал бөлімі көлік паркінің иелерімен тасымалдың өзіндік құнын сараптап, өзгертілген жол жүру бағасын оңтайлы деп тапты.

Тасымалмен айналысатындардың сөздеріне қарағанда, осы жолғы бағаның көтерілуі бүгінгі күннің объективті себептерімен байланысты. "Петропавловск-Норд", кәсіпорын басшыларының пікірінше, "жол жүру бағаларының өсуі, автобус паркі техникасының жаңартылуын және отынның өзіндік құнының өсуін өтеп беруі керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны