07.08.2017, 19:33 4474

Петропавлда Бәйкен Ишiмұлыныӊ туғанына 100 жыл толуына орай ескерткiш ашылды

Мемлекет басшысы Бәйкен Ишiмовтi "Отан" орденiмен марапаттай отырып, Бәйкен Ишiмұлыныӊ өмiрi Ұлы Отанымызға қалтқысыз қызмет етудiӊ және қажырлылықтыӊ жарқын үлгiсi екендiгiн атап айтқан болатын. Бәйкен Ишiмовтiӊ есiмi бiздiӊ жүрегiмiзде мәӊгi сақталады. Оныӊ өмiрi өскелеӊ ұрпақ үшiн үлгi болатындығына сенмдiмiн", -дедi Құмар Ақсақалов.

Петропавловск. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағында мемлекет және қоғам қайраткерi, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерi, Социалистiк Еӊбек Ерi, Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Құрметтi азаматы Бәйкен Ишiмовтыӊ ескерткiш-мүсiнiнiӊ ашылуына арналған салтанатты рәсiм өттi. Бұл шара Бәйкен Ишiмұлыныӊ туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға қоғам қайраткерлерi, шығармашыл зиялы қауым, ардагерлер, мерейтой иесiнiӊ туысқандары, сол сияқты жергiлiктi университет пен колледждердiӊ студенттерi қатысты. Жиналғандарды Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өӊiр басшысы ұлы тұлғалардыӊ есiмiн ұлықтау, тарихи-мәдени нысандар ашу, ескерткiштер орнату -Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ өзектi бағыттарыныӊ бiрi екендiгiн атап айтты.

"Бағдарламаны жүзеге асыру бiздiӊ мемлекетiмiздiӊ, халқымыздыӊ тарихын тануға, ел тарихында ешкiмге ұқсамайтын Бәйкен Ишiмов сияқты кемел тұлғалардыӊ ғаламат рөлiн сезiнуге жол ашады. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлiгi мен табандылығы үшiн "Қызыл Жұлдыз", екi мәрте бiрiншi дәрежелi "Отан соғысы" ордендерiмен, "Ерлiгi үшiн" медалiмен, Польшаны азат еткенi үшiн орденмен марапатталды. Партиялық кеӊес жұмысында ол өзiн дана ұйымдастырушы және саясаткер ретiнде көрсете бiлдi. Ирине, ол Министрлер кабинетiнiӊ төрағасы лауазымында Қазақ КСР-iнiӊ дамуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекет басшысы Бәйкен Ишiмовтi "Отан" орденiмен марапаттай отырып, Бәйкен Ишiмұлыныӊ өмiрi Ұлы Отанымызға қалтқысыз қызмет етудiӊ және қажырлылықтыӊ жарқын үлгiсi екендiгiн атап айтқан болатын. Бәйкен Ишiмовтiӊ есiмi бiздiӊ жүрегiмiзде мәӊгi сақталады. Оныӊ өмiрi өскелеӊ ұрпақ үшiн үлгi болатындығына сенмдiмiн", -дедi Құмар Ақсақалов.

Даӊқты азаматтыӊ мерейтойына орай Солтүстiк Қазақстан облысында жастардыӊ, зиялы қауым мен этномәдени бiрлестiктер өкiлдерінiӊ қатысуымен бiрқатар шаралар өтетiндiгiн атап айту керек. Соған орай қыркүйек айында облыс орталығында Бәйкен Ишiмовтыӊ 100 жылдығына байланысты өӊiрлiк жастар форумын өткiзу жоспарланған.

Сол сияқты салтанатты шара барысында Бәкен Ишiмовтыӊ ұлы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ ректоры Оӊдасын Ишiмов сөйледi.

"Бүгiн бiздiӊ отбасымыз үшiн елеулi оқиға болды, бiздiӊ әкемiзге Петропавл қаласында ескерткiш орнатылуы мәӊгi есiмiзде қалады. Бұған дейiн Алматы қаласында бiр көшеге, Қарағандыда жаӊа шағынауданға әкемiздiӊ есiмi берiлген болатын. Ескерткiштiӊ ашылуы ерекше оқиға. Облыс пен қала басшылығына осындай қомақты шараны жүзеге асырғаны үшiн зор алғысымды бiлдiремi. Осы жобаны жүзеге асырған мүсiншi Қазбек Сатыбалдыға да айтар алғысым шексiз", -дедi Оӊдасын Ишiмов.

Салтанатты рәсiм барысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiӊ депутаты Кәрiбай Мұсырман, ҚР Парламентi Сенатыныӊ депутаты Анатолий Башмаков, сол сияқты еӊбек ардагерлерi Жақсылық Ысқақов пен Алик Дядин Бәйкен Ишiмов туралы өз естелiктерiмен бөлiстi.

Ескерткiштi құрметтi ашу құқығы өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов пен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ ректоры Оӊдасын Ишiмовке берiлдi.

Салтанатты шараныӊ соӊында Петропавл қаласыныӊ тұрғындары Бәйкен Ишiмовтыӊ ескерткiшiне гүл щоқтарын қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны