30.04.2008, 15:49 6573

Петропавлда бір текше метр жылу құнының ең жоғарғы тарифі белгіленді - газет

Петропавлда бір текше метр жылу құнының ең жоғарғы тарифі белгіленді - газет

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Заречный (Петропавлдың маңы) ауылының тұрғындарына берілетін төлем қағаздарында бір текше метр жылу бағасы 412 теңге деп көрсетілген, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Литер" газетіне сілтеме жасай отырып.

Заречный ауылындағы бірнеше көп қабатты үйлердің тұрғындары үшін 2007 жылы жылудың бір шаршы метр бағасы 90 - 140 теңгеден белгіленсе, 2007 жылдың желтоқсанында 304 теңгеге өзгертілді. Ал 2008 жылдың қаңтарында төлем ақы 230-260 теңге, ал ақпан айынан бастап төлем қағаздарында 412 теңге деп көрсетілді.

Газеттің ақпараты бойынша, "энергетиктер есептік көрсеткіштегі сандарға сүйене отырып, сот арқылы Заречный ауылы тұрғындарынан қарыздарын талап ете бастаған. Сотқа тартылғандардың басым бөлігі шағымдардың кепілін қамтамасыз ету үшін соттың шығарған шешімдері жөнінде өздерінің жеке пәтерлеріне тыйым салынғаннан кейін біліп отырған".

Газет хабарлағанындай, 2001 жылы қазан айында ЕС 164-3 қатаң тәртіпті колонияның жылу беру жүйесіне қосылған көп пәтерле үйлердің қарыздары үшін құбырлар кесіліп, жылу беру тоқтатылды. Ал 2002 жылдың қараша айында білгісіз бір шенеунік елді мекенді электр қазандықтары арқылы жылыту туралы шешім шығарды. Үйлердің ішінде электр қазандықтары орнатылды. Тұрғындардың айтуынша, жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына шамамен 3 млн теңге жұмсалды. Бірақ электр қазандықтары берген жылу мардымсыз болды және қыста үйлердің ішіндегі температура 10-12 градусты құрады.

Газетте айтылғанындай, 2003 жылы сәулет, құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым бастығы Иван Пересыпкин аудан тұрғындарына хат жазып онда, " пайдаланылған электр қуатыны төленетін төлемдердің тым жоғары болуынан қала әкімдігінің үйлерді электрлік жылыту жүйесіне көшіру жөніндегі бастамасы қате болғынын" және жылыту кезеңі өткеннен кейін қазандықтар алынатыны жөнінде хабарлаған.

"Алайда қазандық осы күнге дейін тұр және астрономиялық есеп- шоттар келіп түсуде", - деп жазылған басылымда. Икімдік жылу жүйесін ауыстыру үшін 12 млн теңге бөліп, қызмет көрсететін мекемеге тарифтер арасындағы айырмашылықты да төлеген. ( Петропавлда бір шаршы метр жылу үшін 64 теңгеден төленеді).

Заречныйдағы бес үйге төрт электр қазандығы қызмет көрсеткенімен, жылу нашар берілуде. "Акссес-Энерго" ЖШС мәлімдегеніндей, қазандықтар үшін электр қуаты толық көлемде беріліп отырады. Сонымен қатар энергетиктер үйлердің 1 млн теңгеден аса қарызы бар дегенге саяды.

Соған қарағанда Заречный ауылындағы бірнеше үйдің тұрғындары белгіленген тарифтер мен қосымша жылу үшін екі рет төлем төлеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны