20.02.2012, 10:16 3459

Петропавлда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында 16 жобаға қолдау көрсетілген

Петропавлда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша өз қызметтерін экономиканың басымдықты секторларында жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгені құраған 16 жобаны іске асыру бойынша қолдау көрсетілді.

20-ақпан. Kazakhstan Today - Петропавлда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында 16 жобаға қолдау көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша өз қызметтерін экономиканың басымдықты секторларында жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгені құраған 16 жобаны іске асыру бойынша қолдау көрсетілді.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келесі бағыттар бойынша қаржылық қолдау көрсетілді: құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі, ағаш дайындау, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдері өндірісінің жаңғыртылуы мен күшейтілуі, ұн тартатын диірмен өндірісінде қуаттылықтарды өсіру, қалааралық тасымалдау бойынша қызметтерді кеңейту және қонақ үй кешенінің жаңғыртылуы, 10,6 шақырым жолдарды қайта жаңарту.

Сондай-ақ облыс орталығының солтүстік бөлігінде электр қуаттарын бөлетін қосалқы стансада сыртқы желілер құрылысы жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны